Басы бет

Облыс намысын қорғап қайтты

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.04.2012 00:00

Наурыз айының 26–28 күндері Ақмола облысы Щучинск қаласының «Оқжетпес» Мәдениет сарайында халықаралық «Ақкөгершін» байқауы өткізілген еді. Оған еліміздің брлық облыстарынан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен өнер ұжымдары мен жекелеген өнерпаздар қатысқан болатын. Вокал, би, халық әндері, дәстүрлі әндер, т.с.с. номинациялар бойынша өткен байқауда Қарағанды облысының намысын ұлытаулық «Шұғыла» бишілер тобы қорғады.

 

Ұлытауда түлеген Көкшетаудың түлегі ең

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.04.2012 00:00

Бұл опасыз фәни жалғаннан талай абзал жандар өтті ғой. Өмірде өзіндік орыны бөлек, өлімге қимайтын асыл азаматтардың бірі Құрманғали Балтабеков еді. Ол жері сұлу, Арқаның асқары Көкшетаудың түлегі еді. Алматыдан білім алып Ұлытауға келіп түлеп еді. Халықтың адал ұлы, отбасының мықты тірегі еді. Құрманғали халықтың ісіне бар жан-тәнімен берілген, Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған, жаны жомарт, үлкен жүректі жан болатын.

 

ҰЛЫТАУ АРУЫ АНЫҚТАЛДЫ

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.04.2012 00:00

27 наурыз 2012 жыл. Аудандық Мәдениет үйінде «Қыз сыны» арулар сайысы өтті. Сайысқа аудандық, селолық округтері мен кенттерінен арулар қатысты. Сайысқа қатысқан 8 ару 7 бөлім бойынша өздерінің өнерлерін ортаға салды.

   

Жас күйшілеріміз жарады

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.04.2012 00:00

Қазақтың ұлттық рухани қазыналарының бірі – күй өнері. Ұлт рухының биіктігін, ойының тереңдігін, көңілінің кеңдігін қазақ халқы қасиетті қара домбырасының күмбірлеген үнімен мәңгілікке қалдырып келеді. Осындай құдіретті де киелі өнерді дамыту, насихаттау мақсатында елімізде ізгі іс-шаралар жүргізілуде.

 

Ұлықталды Ұлыстың Ұлы күні

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

31.03.2012 00:00

Ұлықталды Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз «Ана» нұрын төгіп жанардан,
Нұр жамылып, бүкіл дүние жаңарған.
Бар табиғат ұйқысынан оянып,
Бар тіршілік жер мен күннен нәр алған.

   

Әсем – мектеп аруы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

30.03.2012 00:00

Жуырда № 1 Ұлытау орта мектебінде «Мектеп аруы-2012» байқауы өтті. Қыздар ұйымының төрайымы Ақтоты Бейсенова ұйымдастырған бұл байқаудың мақсаты – қыз балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке баулу, қыздардың өнерін ұштау және сұлулыққа, әдемілікке құштарлықтарын арттыру болды.

 

ӨНЕРІҢ ӨРІСТІ БОЛСЫН, «ҰЛЫТАУ САЗЫ»!

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

31.03.2012 00:00

Ұлттық өнерімізді дәріптеп, мерейін өсіру–бүгінгі күннің басты талабы! Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойын өткен жылы ғана атап өткен жас мемлекетімізде өнер өрісі кеңейе түсуде. Өнер десе «ішкен асын жерге қойған» қазақ халқы қашаннан өнерпаздарын құрметтеген, ұлттық өнерін қастерлей білген халық! Талай алмағайып заманды басынан өткерген халқымыз, еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық өнерді жаңғырту-жаңартуға мықтап бет бұрғандай.

   

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

21.03.2012 17:32

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды халқымыздың ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз, Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Ұлттық болмыстың Алтын арқауы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

21.03.2012 17:00

Ұлытау-Жезді-Жезқазған өңірінде әлі де ата-баба мұрасын сақтап, бүгінгі заман талабына сай дамытып, көпшілікті тамсандыратын тамаша туындылар жасайтын шеберлер жеткілікті. Үкіметіміз Ұлытау аймағының дамуына үлкен маңыз беріп отырған шақта мұражай қызметкерлері де игілікті істерін жаңғыртып, жалғастыра беру мүмкіндігі туғандығын сезінген. Зейпін Зікірқызы Қазанбаева жетекшілік ететін кентіміздегі мұражай қызметкерлері халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасының біздің заманымызға жеткен заттық айғақтарын жинақтауда, бүгінгі күннің шеберлерін іздеп тауып, халыққа насихаттауда атсалысып, тер төгіп жүрген ұжым.

   

Анаға құрмет – ардақты міндет

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

21.03.2012 13:00

АНА деген ардақты есім бас әріп,
Аналардан жатар өмір бас алып.
Аналардың құдыретімен ғажайып,
Бар тіршілік жаңарады, жасарып

Автор.

 

«Іскер әйел-2012»

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

20.03.2012 00:00

Ауыл әйелінің болмысын айқындаған байқау

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетің де, сақшың да,
Әйел сенің мерекең де мейрамың!

Мұқағали МАҚАТАЕВ.

   

Ән қалықтап, күй тербетті Ұлытауды

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

21.03.2012 00:00

Біздің халқымызда өзгеде жоқ, өз ұлтымызға ғана тән салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, өрісі кең өнеріміз бар. Соның бірі күйшілік, жыршы-термешілік. Бұл құдыретті өнер ғасырлар қатпарында қалып қоймай, халқымызбен бірге жасап келеді, жасай береді. Ата-бабаларымыз өнер адамдарын айрықша құрметтеген. Оларға еркіндік беріп, еркелетіп ұстаған. Бұл әрине, өнер адамына ғана емес, өнерге көрсеткен құрмет. Соның арқасында жазу-сызуы жоқ кезден бастап, ауыздан ауызға көшіп, бізге жеткен. Бұдан әрі кейінгі ұрпақтарға өлмес мұра болып қала береді. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан бері кешегі келмеске кеткен кеңестік дәуірде солақай саясаттың кесірінен қағаберіс қалған ұлттық құндылықтарымызбен қайта қауышып, өзімізге ғана тән ерекшеліктерімізді қалпына келтіріп жатырмыз. Халқымыз мұндай қуанышты «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды» дейді. Әрине, мұның бәрі ҚР тұңғыш Президенті, кемеңгер Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың дана басшылығының, салмақты саясатының арқасы.

 

Оқушыларымыз жүлделі оралды

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.03.2012 13:00

Академик Е. А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40 жылдығына арналған шет тілдер факультеті оқу орнының 40 жылдығына орай, 2012 жылдың 25-ақпанында Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарында білім алып жатқан 11-сынып оқушылары арасында ағылшын, неміс, француз тілдері бойынша облыстық олимпиада өткізді.

   

Әскери кездесу

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

07.03.2012 00:00

Жақында Ұлытау аудандық Қорғаныс істері бөлімінің бастығы, майор Руслан Нүсіпханұлы Шакерханов Жезді кентіндегі мектептерде болып жоғарғы сыныптарда оқитын қыз-жігіттермен кездесу өткізді.

 

Жасөспірімдердің ән байқауы

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

06.03.2012 00:00

Ауыл жұртшылығы арасында әртүрлі бағыттағы мәдени іс-шараларды жоспарлап, оны талап деңгейінде өткізу – мәдениет саласы қызметкерлерінің мерейлі міндеттерінің бірі. Жастармен жұмыста туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру, тәрбиелік мәніне ден қою жоғары жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Осы орайда атқарылатын мәдениеттік шаралар мерекелік бағдарламалар аясында шектеліп қалмауға тиіс екенін түсінген Аманкелді селолық клуб үйінің қызметкерлері өз жұмыстарының сапалық, тәрбиелік тұрпатына мән беруде. Ізденіс, талмай талаптану өзінің жемісін берері ақиқат.

   

Жұлдызды күндер, көбейсін,– ауыл жастарының «Екі жұлдыз» өнерін тамашалаған аманкелділіктер

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

06.03.2012 00:00

Дана халқымызда «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» деген сөз бар. «Екі жұлдыз» сайысы өтетіні жайлы хабарландыру ілінгеннен ауыл адамдары арасында «өнерге» деген құштарлықтың лебі есіп өткендей болды. Өнерге ынтасы зор өнерпаздар ауыл клуб үйіне келіп, ән айтып, дауыстарын байқап, көріп жатты. Бәрі талантты да талапты. Бірінен бірі асып түсер, жігерлілікті байқайсың. Бәрінің де ұстанымдары – көпшіліктің көңілінен шығып, алғысқа бөлену. Өткізіліп отырған сайыстың мақсаты да ауыл өнерпаздарының талантын ұштау, ел арасында насихаттау.

 

Естен шықпас есімдер

Назар аударыңыз, жаңа терезеде ашылады. Басып шығару

05.03.2012 00:00

Қаржы саласының саңылағы болды

Марқұм Нұрғали Жарасбаев білімі теңіздей терең, ақыл-парасатқа бай, жан біткенге жамандық ойламайтын, жақсылық жасағысы келіп тұратын, қайырымды, жаны жомарт азамат болатын. Туған-туыстарын, ағайын-жекжаттарын былай қойғанда, көрші-көлемнен көмегін аямайтын. Нүрекеңнің үйімен үй арасында үй жоқ көрші тұрдық. Бір жылы үйдің кіре берісін бұзып, қайта салдық. Құрылысты балалар жүргізді. Нүрекең түскі үзілісте жұмыстан келе жатып, құрылыстың қалауындағы кемшіліктерді көрсетіп кетсе, кешке кешкі шәйін ішкеннен кейін орындықты қойып, құрылыстың басында отыратын. Көршілер ол кісіні біздің үйдің «прорабы» деп күлетін. Сол құрылыс біткенше Нүрекең басында болып еді. Марқұм сондай мейірімді кісі болатын.

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL


 

http://e.gov.kz http://gov.kz http://parlam.kz http://karaganda-region.kz http://akorda.kz